Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде мерекелік кешті тойлап жатқан қонақтар арасында жанжал туып, соңы жаппай төбелеске айналды. Ол видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнекамерадан алынған кадрларда жас жігіттердің бірін-бірі ұрып-соғып, дәмханадағы үстелдерге секіріп, ыдыс-аяқ және басқа да заттарды лақтырғаны анық көрінеді. Жаппай төбелеске қатысқандар 2001-2004 жылы туған азаматтар екені анықталды. Тәртіп сақшылары 8 адамды ұстап, қамауға алды. Көбей НҰРАХМЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Тергеу ҚР ҚК 293 бабы бойынша жүргізілуде. Оның барысында оқиғаның барлық қатысушыларының іс-әрекеттері зерделеніп, әр қайсысына құқықтық баға беріледі.