Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Көктал шағын ауданында болған. 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп кеткен. Бала алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік тұраққа қойылды.