Талдықорғанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ сессиясы өтті

"Бірлік дамудың негізі". Жетісу өңірінде осы тақырып аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ сессиясы өтті. Дәстүрлі жиында биыл елдегі су тасқыны болған өңірлерге халықтың жұмылған жұдырықтай көмек көрсетуі сөз болды. Сондай-ақ этномәдени бірлестіктер белсенділері марапатталды. Облыс орталығында өткен шара ең алдымен этномәдени бірлестіктердің көрмесінен басталды. Аталған жиынға қатысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев батыс пен солтүстік өңірлерге көмек қолын созған барлық ұйым өкілдеріне алғыс айтып, ортақ істен ешкім шет қалмағанын жеткізді. Бейбіт ИСАБАЕВ,  ОБЛЫС ӘКІМІ:"Жүректен жүрекке" акциясы мен «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында Жетісу облысынан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 99 миллион теңгеге жуық сомаға 260 тонна азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар жолданды. Қарғын судан жапа шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетуде Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашыл болды. Этномәдени бірлестіктер аймақ халқын қайырымды іске жұмылдырды. Жалпы өңірде 22 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Турган ЗАИЫТОВ, "ҚАЗАҚСТАН ҰЙҒЫРЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ" ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Тілді дамыту, тұрақтылықты сақтау, ынтымақты сақтау бойынша Панфилов ауданында көп екі тілді мектептер бар. Қазақ тілін дамытуға кружоктар ашылып, мектептерде жұмыс істеп жатыр. Жиын барасында облыстық орыс этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталса, өзге бірлестіктердің белсенділері облыс әкімінің марапатына ие болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үш қалада ауа ластанады
Қазақстанда қыста мопед айдауға бола ма?
Семейде шырша безендіруге барған мұғалім биіктен құлап, қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды