Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды. Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған.Ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды. «Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталады», - деді Жетісу облысы полиция департаменті ҰҚҚ КБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.