Жұмыс кабинетінде жас қызды қыз зорлады деп күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Бұл туралы ақпарат "Сот кабинетінде" жарияланды. 12 ақпанда қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотына келіп түскен. Оны судья Әлібек Әбдіхаев қарайды. Еске салайық, қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.