Талдықорғанда сотқа жалған медициналық анықтама берген

Талдықорғанның мамандандырылған ауданаралық сотында көлікті масаң күйінде басқарған жүргізушінің ісі қаралды. Прокурорлар тексеріс барысында құқықбұзушының сотқа жалған құжат ұсынғанын анықтады.Талдықорған қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 23 қараша 2023 жылғы қаулысымен азаматша У., автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін, тек қана көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыру түріндегі әкімшілік жазаға тартылды (ҚР ӘҚБтК-тің 608 б., 1 б.). Осы баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын көздейді. Алайда, сот У. азаматшаға, әкімшілік қамаққа алу жазасын қолдануды болдырмайтын, денсаулық жағдайына байланысты анықтаманы ұсынуының негізінде қамаққа алу жазасын қолданбаған (ҚР ӘҚБтК-тің 50 б., 2 б., жүкті айелдерге әкімшілік қамаққа алуды шектейді). «Прокурорлық қарсы тексеріс жүргізу кезінде, құқықбұзушы сотқа жалған медициналық құжатты ұсыну арқылы, сотты жаңылыстырғаны анықталды. Қазіргі таңда Талдықорған қаласының прокуратурасымен сот қаулысына наразылық енгізілді. Ресми құжатты жалған етіп жасау фактісі бойынша, іс-құжаттар процесуалдық шешім қабылдау үшін Талдықорған қаласының полиция Басқармасына жолданды», - делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді