Талдықорғанда тамағы кесілген екі мәйіт табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы krisp.tdk инстаграм барақшасына сілтеме жасап.Желіде Талдықорғанда Ақбастау көшесіндегі жеке үйлердің бірінде екі адамның қаза тапқаны туралы жазып жатыр. Қалалық полиция бұл ақпаратты растады, бірақ ашып ештеңе айтпады. "Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.