Талдықорғандағы резонанс тудырған оқиға: Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатылды

Ішкі істер министрі Жетісу облысы полиция департаментінің бастығын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.Талдықорғанда болған кейінгі резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды.Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты."Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ", - деді министр Ержан Саденов.Кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты.Осылайша, облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық еместігі туралы ескертілді.Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабеков пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.Жетісу облысы полиция департаменті бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқарады. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы