Талдықорғандық әйел баласын қақаған аязда сарайға қамап қойған

Талдықорғандық әйел ұлын тәртіпке салу үшін қатыгездікпен ұрып-соғып, қақаған аязда сарайға қамап қойған. 9 жастағы баланың бұған дейін де анасынан теперіш көргені белгілі болды. Артем Лебедевтің үйіне Талдықорған білім және денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, облыстық балалар омбудсмені барған. Олар Артем мен інісі қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын көрді. Безбүйрек әйел масаң күйінде үлкен ұлын жиі соққының астына алатын көрінеді. Артур ЛАСТАЕВ, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Комиссия мүшелері Лебедевтер жанұясы тұратын үйге барып, тұрмыс жағдайын зерттеді. Анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда өмір сүрген, ал әйел алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғанын және балаларды қорлағанын жоққа шығармады. Сөйтіп, Светлана Лебедева 9 жасар ұлы Артемді аязда сарайға қамап тастаған. Қамқоршылық органдары балаларына қатыгездік көрсеткен әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз жолдады. Ал Артем Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды. Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Кәмелетке толмаған баланың анасы ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша. Қазіргі уақытта, 9 жастағы бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, баланының қауіпсіздігі үшін «қорғау ұйғарымы» шығарылды. Жиналған материал Талдықорған қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның қарауына жолданды. Ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Алматы әкімдігі 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі көрсеткішті жақсартты
Ақмолада полицейлер вейп саудасын тоқтатты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Футбол: "Астана" Челсиден жеңіліс тапты
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам түркістандық отбасы баспаналы болды
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды
Қошанов: Президент – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі: 12 желтоқсан 2024, 22:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Атырауда су тасқынына дайындық қалай
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Экс-президенттің және оның отбасының денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
"Ұлы дала" әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен кездесті