Моңғолияда туып-өсіп, Қазақстанға оралған 33 жастағы азамат бір отырыста бөтелкелесін пышақтап өлтіргені үшін 11 жыл бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Свидетель.kz Telegram-арнасының мәліметінше, 33 жастағы сотталушы отанына оралған соң Жетісу облысына тұрақтаған.Қайғылы оқиға сотталушы А.Энгельс пен марқұм сыраханада демалып отырғанда болған. Екеуінен бөлек жанында үш қыз бір ер адам болған көрінеді. Іс материалдарына сәйкес біреуі қатты мас болып, екіншісін ел алдында “оралман” деп балағаттай бастаған. Бұл сөз досына жақтасқан сотталушының да намысына тиген. Сыраханадан шығып, көшеде дауласқан олар ақыры төбелесіп, оның соңы адам өліміне әкеліп соқты. Айыпталушы А. Энгельс қарсыласының кеуде тұсына пышақ сұғып, марқұм оқиға орнында көз жұмды. 2023 жылдың маусым айында Жетісу облыстық соты ер адамды 11 жыл бас бостандығынан айырды. Тексеру барысында сотталушының қылмыс жасаған кезде жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыскер қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтеп қана қоймай, марқұмның әкесіне 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге тиіс.