Талғарда мектеп оқушылары төбелесті: біреуінің миы шайқалып, ауруханаға түсті

Алматы облысы, Талғар ауданында мектеп оқушылары төбелесті. Салдарынан бір жеткіншектің миы шайқалып, ауруханаға түсті. Оқиға Талдыбұлақ ауылындағы № 34 мектепте болған. Балалар өзара сөзге келіспей қалған көрінеді. Артынша 6- сынып оқушысы 5- сынып оқушысын соққыға жыққан. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, мектеп қабырғасында мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Алайда, мектеп әкімшілігі мәселені жылы жауып қоятын көрінеді. Жалғызбасты ана мұрны қанап, бет-аузы іскен балаға ешкім жедел жәрдем шақырмаған деп күйінеді.Нұргүл ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, АТА-АНА: Өзінен бір жас үлкен бала ұрады. Ұрғаннан кейін далаға шығып, тура мектептің алдында балам құлап қалады. Мен келсем, баламның бетіне құр мұз басып, отырғызып қойыпты. Не скорый шақырмаған. Қазір балам ми жарақатын алып, ГРЭС-те больницада жатыр. Бала жазасын алсын. Жарақат алған баланың анасы полицияға арыз жазды. Бұл іс Талғар ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясының қарауына жіберілді. Мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Зәмзәгүл МАРИПОВА, Қ. ӘБДІҒҰЛОВ АТЫНДАҒЫ № 34 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Алғашқы көмек көрсетіледі. Сынып жетекшісі ата-анасына звондайды. Бұл балалардың біреуі 11 жаста, біреуі 12 жаста. Біздің жіберген қателігіміз сол – кәмелеттік жасқа толмағандықтан, дереу жедел жәрдем емес, біз мамасын күттік. Мамасы 10 минут ішінде келді. Сол күні екі кезекші мектепте тұрған, қас қағым сәт. Байқамай қалған. М. Жақан

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шыршаны безендіру кезінде құлап кеткен мұғалімнің ісі: жауаптылар жазаланды
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді