Абай облысы Талица ауылына қарай тараған өрт сөндірілді. ҚазАқпарат бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.«Минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет жалпы көлемі 2000 астам тонна су төгілді. Талица ауылына қарай тараған өрт дала аумағына шығып, сөндірілді», – деп жазылған хабарламада. Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіріп жатыр.