Семейдегі интернатта көз жұмған оқушының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Абай облыстық білім басқармасы таратқан мәліметке қарағанда, оқиға 7 сәуірде сағат 13:30 шамасында Семейдегі №6 арнайы мектеп-интернатта болған.Оқушы А.К түскі ас кезінде есінен танып қалған. Алғашқы медициналық көмек дереу көрсетілген, алайда ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған."Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оқушы тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан көз жұмған. Ол интернатқа Семей психологиялық-медициналық педагогикалық кеңесінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы қорытындысы негізінде қабылданған. Оған "ақыл ойының жеңіл кемістігі" диагнозы қойылған. Баланың анасы Светлана Кольцова есту, сөйлеу қабілеті төмен, Семейдің № 9 жалпы білім беретін мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Толық емес отбасыдан шыққан. Сабақ үлгерімі орташа еді. Баланың денсаулығы жақсы, денсаулығына ешқашан шағымы болмаған, бірақ суық тиіп ауырған кезі болған", - делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.Аталған фактіге қатысты Абай облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оған сәйкес тиісті сот сараптамасы тағайындалды.Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/81429/