Тамара Дүйсенованың онлайн-қабылдауында азаматтардың өзекті мәселелері қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауы алаңында азаматтарды онлайн қабылдады. Жүздесу барысында Қызылорда тұрғыны Сәби Аңсат тарихи тұлғалар еңбегін жастар арасында дәріптеуге байланысты мәселе көтерді. Оның ішінде Темірбек Жүргенов туралы телехикая түсіру керектігін жеткізді. Бұл ретте Тамара Дүйсенова Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиісті тапсырма беріп, орындалуын жеке бақылауына алатынын айтты.Астана тұрғыны адам ағзасына зиянды темекі, алкоголь өнімдері мен құрамында қанты бар сусындардың таралуына қарсы күрес шараларын күшейтуді сұрады. Мәселеге қатысты жауап алған вице-премьер бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар саламатты өмір салтын нығайтуға және насихаттауға бағытталған бірлескен шараларды қолдауға дайын екенін білдірді.Қабылдауға қатысқан бір топ азамат құқық қорғау қызметінің ардагерлері атынан өтініш айтты. Олар Алматыдағы ІІМ ауруханасы мен оның қарамағындағы «Қазақстан» шипажайының жұмысын қалыпқа келтіруді сұрады. Кездесу барысында бұл мәселемен Ішкі істер министрлігі мен мегаполис әкімдігі бірлесе шара қабылдап жатқаны туралы айтылды. Тамара Дүйсенова ведомство басшысының орынбасарына мәселе көтерген сала ардагерлерімен тікелей кездесіп, мәселені шешу барысы туралы тұрақты түрде құлағдар етіп отыруды тапсырды.Семей тұрғыны мүгедектігі бар баланы дәрі-дәрмек, арнайы тағаммен қамту мәселесін көтерсе, астаналық азамат «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған түлектің жайын қозғады. Тамара Дүйсенова айтылған мәселелерді шешуге байланысты мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырма жүктеп, атқарылған шаралар туралы тікелей есеп беруін міндеттеді.Сондай-ақ 1 шілдеден бастап енгізілетін дәрілік заттарды таңбалау мен қозғалысын бақылау талабын енгізу мәселесі талқыланды. Вице-премьер аталған шара ең алдымен тұрғындар тұтынатын дәрі-дәрмектің сапалы әрі таза болуына бағытталғанына баса мән берді. Таңбалау мен бақылау айналымға контрафактілік өнімнің енуіне жол бермейтінін атап өтті.Сонымен қатар Тамара Дүйсенова тиісті таңбалар тек 1 шілдеден кейін өндірілген немесе елге әкелінген дәрілік заттарға қойылатынын жеткізді. Кездесу кезінде көтерілген мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар, дәрі-дәрмек өндірушілері, тасымалдаушылар, дәріханалар өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде жүздесулер ұйымдастыру тапсырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде тағы бір кәсіби мереке пайда болды
Оралдықтар Шаған өзеніне моншадан шыққан суды төккен
Түркістан облысында цифрландыру саласындағы шенеуніктер сотталды
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Гүл сатып алған қарағандылық тергеуге ілікті
Ресеймен шектесетін облыстарда шегірткеге қарсы бақылау күшейеді
"Періштесі сақтады": атыраулық полицей шақалақты қалай аман алып қалғанын әңгімелеп берді
Алматыда құқығы бұзылған тұтынушыларға 100 млн теңге қайтарылды
Үндістанда пойыз апатынан 15 адам көз жұмды
"Психикалық ауытқуы бар": Ақмола облысында алты күн бұрын жоғалған 44 жастағы әйелге іздеу салынды
"Астана айналма жолы" учаскесі уақытша жабылады
Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жабылады
Украина қарызын төлемегендіктен дефолтқа тап болуы мүмкін
Атырау облысында балықшы айыппұл арқалады
Астанада түнде көлікпен жарыс ұйымдастырғандар ұсталды
Алматыда, Шымкентте және Түркістан облысында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Текелі әлі газ бен судан тарығып отыр
"Қаңтар оқиғасына" белсенді қатысқандармен байланысты: қылмыстық топ мүшелері ұсталды
"Ордабасының" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды
«Мерейді үлкен сахнадан көргіміз келеді». Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті
Неміс полициясы экс-судьяның өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Жастар мен сияқты шалыс баспаса деймін – есірткі жасырумен айналысқан жазасын өтеуші
Таразда АЭС салуға қатысты талқылау өтті
Қазақстандағы интернет сапасына көңіліңіз тола ма?