Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева өзінің инстаграм парақшасында қызының жоғарғы оқу орнын бітіргенін айтып, оқырмандарымен қуанышын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz."Аллаға сансыз шүкірлер! Аяулым мектеп бітіргенде, “Арт менеджмент “ мамандығын таңдап, таң қалдырып еді. Неге таң қалдым десеңіз, мен Шымкентте ХҚТУ-де , сол мамандықты бітірген едім. Оны Аяулым білмейтін. Тура барып, сол мамандықты таңдағанына таң қалдым. Анасының мақтанышы, Жаным!Ал екінші таң қалдырғаны - ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМ. Құтты болсын жан қызым. Осы дипломыңның жемісін көр Алла қаласа. Алланың беретін ризығы мол болсын , құлыншағым! Аяулымға ақ тілектеріңізді аямаңыздаршы. Не тілесеңіздер, өздеріңізге еселеп қайтсын!", - деп жазды ол.