Ресейлік белгілі әнші Слава 42 жасында немерелі болды. Қуанышты жаңалықпен өнер иесі өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Славаның 24 жастағы қызы, жас әнші Александра Морозова алғаш рет ана атанды. Жас әртіс ұлды болды. "Менің өмірімдегі ең бақытты күн! Ана атандым", — деп жазды Александра әлеуметтік желідегі парақшасында.Ал әже атанған "Каменная леди" және "Одиночество" хит әндерінің орындаушысы сүйінші хабарды өз оқырмандарымен бөлісуге асыққан. "Таңнан бері жылап жүрмін. Бұл қуаныштың бүгін болатынын сездім. Менің кішкентайым, менің Сашуням ана болды, ал мен әже атандым", — дейді Слава. Танымал әншінің тыңдармандары мен достары оны жарыса құттықтауда. "Керемет әйел, керемет адам немерелі болды, шынайы құттықтауды қабыл алыңыз!", "Қандай керемет, әдемі, жас әже!", "Настя, сен ең ғажайып әжесің. Жалындап тұрған және нәзік әже", "Қызы мен сәбиіне денсаулық тілейміз. Сіз керемет, сүйікті әже боласыз", — деп жазды олар.