Танымал адамдарға құмар ойынды жарнамалауға тыйым салынады - Мәжіліс

Танымал адамдарға құмар ойынды жарнамалауға тыйым салынады - Мәжіліс

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.«Деректерге жүгінсек, соңғы екі жарым жылда еліміздің шамамен әрбір бесінші адамы ойын ойнайды екен немесе құмар ойындарына қандай да бір қатысы бар. Ал, оның ішінде 400 мыңдай адам ойынға салынып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Бұл дерт балалар мен жасөспірімдерді де шарпып отыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шамамен 200 мыңға жуық кәмелеттік жасқа толмаған бала басқа адамның атынан букмекерлік кеңселерге бәс тігіп, құмар ойындар ойнайды екен. Өзге адамның логинімен букмекерлік кеңселерге бәс тігуші адамдардың саны белгісіз. Екіншіден, отбасы институтын әлсіретуі. Еліміздегі ажырасулардың 40 пайызына осы лудомания тікелей себеп болып отыр. Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа баратындардың дені – осы құмар ойынға шалдыққандар. Былтыр Алматы облысында жантүршігерлік жағдайда әйелі мен екі баласын аяусыз өлтіріп, үйін өртеп жіберген оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Қылмыскер лудоман болған, болмашы ақшаға үш бірдей адамның өмірін қиды», - деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев. Оның пайымынша, құмар ойын суицидтің өршуіне әсер етіп отыр. Мәселен, 2022 жылы елімізде 3 мың 676 адам өзіне қол жұмсап қайтыс болса, олардың әрбір бесіншісінің себебі – лудомания. «Өкінішке қарай, бұл дерт қазір әскерде де кең етек алған. Олардың көбі құмар ойынның шырмауынан шыға алмай жатқанын білеміз. Бұдан бөлек, құмар ойын қылмысқа да ықпал етеді. Елімізде қылмыс жасайтындардың 20 пайызы лудомандар екені белгілі болды. Олар бәске тігетін ақша табу үшін алдымен қарыз алады, содан соң ұрлық, тонау секілді қылмыстарға барады екен. Көлеңкелі экономикаға да әсері бар. Ойын нарығы айналысында үлкен қаражат айналып жатыр. Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен екен. Демек, мұның айналасында мүдделі топтар, лоббистер болатыны сөзсіз. Осында келтірілген мәліметтерден Қазақстанда ойынқұмарлық індеттей өршіп, ел қауіпсіздігіне қатер төндіре бастағанын байқаймыз. Бүгін қарастырғалы отырған заң жобалары осы мәселені барынша ауыздықтап, реттеуге арналған», - деді депутат. Біріншіден, заң жобасында максималды түрде букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасын шектеу қарастырылған. Онда үйлердің қасбеттерінде, фасадтарында, ғимараттарда, құрылыстардың қоршауларында, көлік құралдарында сыртқы жарнамаға тыйым салынады. Интернет ресурстарында, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, мерзімді баспа басылымдарында, кино беттерінде, мобильді операторлардың смс хаттамаларына да жарнамаға толық тыйым салынады. Енді белгілі блогерлер мен әлеуметтік желідегі танымал тұлғаларға мұндай ойын түрлерін жарнамалауға тыйым салынады. Жарнама тек спорттық объектілер, спорттық бағыттағы сайттар, телеарналар мен спорттық іс-шараларда ғана рұқсат етіледі. Екіншіден, ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі. Үшіншіден, өтелмеген алименттік және несиелік қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу мүмкіндігі шектеледі. Яғни борышкерлердің бірыңғай реестрінде мәліметтері бар жеке тұлғаларды құмар ойындарға және бәс тігуге жіберуге тыйым салу белгіленеді. «Ойнау жасына келмеген азаматтардың құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуы шектеледі. Оларға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғаларға қомақты көлемде айыппұл салынады және қайталанатын жағдайда лицензиялары тоқтайды. Сонымен қатар, заңсыз онлайн казино ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жаза қолданылады. Атап айтқанда, мүлкi тәркiленiп, 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жаза қарастырылған. Мұнымен қоса, заңсыз лотоматиктер мүлдем жойылады. Сондай-ақ, балалар, білім беру, медициналық, діни ұйымдар орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады», - деді Елнұр Бейсенбаев. Атап айтқанда, шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі жасалады, сондай-ақ банктер мен төлем жүйелеріне олардың пайдасына қаржылық операциялар жүргізуге тыйым салу ескерілген. «Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың өз аппараттық-бағдарламалық кешендерінің Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету міндеті белгіленеді. Сондай-ақ, Ұлттық Банктің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Әділет министрлігінің базаларын біріктіру арқылы ойнаушының тұлғасы бейнеметрикалық тұрғыдан анықталады», - деді депутат.

Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
  • aqshamnews
Жамбыл облысында өрттен әйел мен оның төрт немересі құтқарылды
Жамбыл облысында өрттен әйел мен оның төрт немересі құтқарылды
  • el.kz
Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
  • sn.kz
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
  • aqshamnews
Ақтөбеде әскери қызметші қаза тапты
Ақтөбеде әскери қызметші қаза тапты
  • halyq-uni
Әскерге шақырылған сарбаздар Отанға адал болуға ант берді
Әскерге шақырылған сарбаздар Отанға адал болуға ант берді
  • baq.kz
“Шаш күтімін шығынсыз жасаңыз“. Қазақстандық Рапунцельдің ешкімге айтпаған әңгімесі
“Шаш күтімін шығынсыз жасаңыз“. Қазақстандық Рапунцельдің ешкімге айтпаған әңгімесі
  • Massaget
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді сарбаз қаза тапты: 24 қараша 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді сарбаз қаза тапты: 24 қараша 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
  Жамбыл облысында прокуратура қызметкері  алаяқтық жасаған
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасаған
  • aikyn
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты
  • Massaget
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз өз-өзін атып өлтірді
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз өз-өзін атып өлтірді
  • Massaget
Тұман және шаңды дауыл: 24 қарашаға ауа райы болжамы
Тұман және шаңды дауыл: 24 қарашаға ауа райы болжамы
  • halyq-uni
Қазақстандық жас ғалымдардың I Конгресі өтті
Қазақстандық жас ғалымдардың I Конгресі өтті
  • baq.kz
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді: 24 қараша 2024, 09:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді: 24 қараша 2024, 09:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді
Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді
  • sn.kz
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
  • Massaget
  Қостанай облысында құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
Қостанай облысында құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
  • aikyn
Жамбыл облысында өрттен әйел мен оның төрт немересі құтқарылды
Жамбыл облысында өрттен әйел мен оның төрт немересі құтқарылды
  • el.kz
«Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін дәрі берілді
«Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін дәрі берілді
  • baq.kz
Қазақстанда сотталғандар қандай жұмыстар істейді?
Қазақстанда сотталғандар қандай жұмыстар істейді?
  • Massaget
Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
  • turkystan
Еуроодақтың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бағдарламасы Орталық Азиямен ынтымақтастықты жалғастырмақ
Еуроодақтың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бағдарламасы Орталық Азиямен ынтымақтастықты жалғастырмақ
  • arbatmedia.kz
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды
  • baq.kz
Қыз баланың әкесі атанғым келеді - Тәуекел Мүсілім
Қыз баланың әкесі атанғым келеді - Тәуекел Мүсілім
  • el.kz
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
  • Smi24
«Қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай жеке өміріне қатысты құпияны ашты
«Қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай жеке өміріне қатысты құпияны ашты
  • sn.kz
Боксшы Нұрбек Оралбай сүйіктісін жолықтырмағанын айтты
Боксшы Нұрбек Оралбай сүйіктісін жолықтырмағанын айтты
  • el.kz
Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
  • sn.kz
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
  • qaz365.kz
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
  • penalty
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
  • penalty
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
  • penalty
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«Жылы сөз естімегелі көп болды»: Гүлзира Айдарбекова жұртты ойландырып қойды
«Жылы сөз естімегелі көп болды»: Гүлзира Айдарбекова жұртты ойландырып қойды
  • sn.kz
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
  • el.kz
Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
  • sn.kz
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды таңдай қақтырды
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды таңдай қақтырды
  • sn.kz
Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты
  • turkystan
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицидтен көз жұмды
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицидтен көз жұмды
  • almaty_tv
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
  • halyq-uni
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қайтыс болды
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қайтыс болды
  • turkystan