Танымал әзілкеш, "Тамаша" театрының директоры Асылбек Боранбаевтың қызы тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы өнер иесі мен жары Гюзаль тойдан үзінді видео жариялады. "Жандарым, заңды некелерің құтты болсын",- деп жазды актердің жары Гюзель Ушурова.Өз кезегінде Асылбек Боранбаев instagram парақшасына "Қыз ұзату" видеосын оқырмандармен бөлісті. Тойға өнер адамдарының басым көпшілігі жиылғанын көруге болады. Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира екі жасты той төріне әндетіп алып шыққан. Желі қолданушылары қос ғашыққа құттықтау лебіздерін білдірді."Құтты болсын","Балаларыңыз бақытты болсын","Қызыңыз барған жеріне судай сіңіп, тастай батып, екі жас бақытты отбасы болсын", "Құтты болсын, ұзағынан болсын, Гузеля апай мен сіздің студентіңіз болғам, сіз өте жақсы жансыз","Апай қызыңыз бақытты болсын",-деп жазды олар.