Тұрмыс құрып, сахнадан көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жаңа мамандық меңгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Әйел адамға жұмсақтық тек мінезіне, табиғатына ғана емес, тәніне де жарасқан. Созылу амплитудасының жоғары болуы – дене жастығының бір көрсеткіші. Бізді нағыз әйел ететін, ол – гормондарымыз. Бір ғана фактор: стресстің өзі ағзамызға, соның ішінде гормондарымызға үлкен зиянын тигізеді. Содан неше түрлі аурулар туады. Осындай мәселелерді шешу үшін әйелдер гормоналды йогасының маманы атандым. Аллаға шүкір! Ендігі мақсатым – білімді басқа да денсаулыққа қатысты жаттығулармен дамыту. Әйел адамдарға көмектесіп, қызмет еткім келеді, – деп жазды әнші. Сонымен қатар, эстрада жұлдызы психология саласына да бет бұрған көрінеді. Психология саласы – өмірімдегі келесі қадам. Жаңа саяхат, жаңа білім, жаңа зерттеу. Ең бастысы – өзімді тану. Сол арқылы Алланы танығым келеді. Менде ниет пен талпыныс бар. Нәтижені Жаратқанға тапсырдым, – дейді Кәмшат Жолдыбаева.