Ақтаулық кәсіпкер, актер әрі блогер Айдар Кәрімбаев алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Ол жалға берген көлікті алаяқтар сатып жіберген, - деп хабарлайды lada.kz.Ол әлеуметтік желіде оқиғаның мән-жайын айтты. "Көлікті клиентке тапсырдым. Ол айдап жүріп, кейін сатып жіберген. Біреудің көлігін жалға алып, кейін алдап сатқан. Міне, Toyota Camry көлігі. Оны қайтарып алдым. Ол сатқан адамдар маған қоңырау шалғаны жақсы болды. Менің тегімді техпаспорттан көрген, қоңырау шалып, сұрады. Ал мен мүлдем білмейтінімді айтты. Біздің отбасылық бизнесіміз бар, 2008 жылдан бастап Ақтауда каршерингпен айналысамыз", - деді кәсіпкер. Айдар Кәрімбаевтың айтуынша, алаяқтық бойынша күдікті адам басқа жайтқа қатысты тергеу изоляторында отыр. Кәсіпкер бұл бірінші жағдай емес екенін жеткізді. "Ол бұл көлікті 10 күн бұрын сатқан екен. Ол тергеу изоляторына отырғанға дейін көлікті қайта рәсімдеймін деп уәде беріп жүрген. Олар сеніп, ақша берген. 2008 жылдан бастап осы бизнеспен айналысамын, көп нәрсе көрдім. 2016 немесе 2017 жылдары дәл осындай жағдай болды", - деді Айдар Кәрімбаев.