Танымал ресейлік блогер Илья Варламов әлемнің үздік қалалары бойынша жеке рейтингін жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Бұл тізімге Алматы да кірген. Қоғам белсендісі оңтүстік астананың несімен ерекшеленгенін алға тартты. Бұл роликте мен әлемде өмір сүруге қолайлы қалалардан өз тізімімді жасадым. Бұл жерде жайлылық, жаяу жүргіншілерге ыңғайлылық, архитектура, өмір сүру құны және қалаға деген өз махаббатым ескерілді. Видеода Алматы, Кейптаун, Амстердам, Нью-Йорк, Берлин, Сеул және Лондонды неліктен жақсы көретінімді біле аласыздар. Бәлкім дәл осы ролик арқылы эмиграцияға ыңғайлы шаһарды тауып қаларсыз, - делінген видеоның жазбасында. Бұл тізімде Алматы 10-орында тұр. Блогердің сөзінше, Алматы – посткеңестік елдер арасында көліктер үшін емес, адамдардың өмір сүруіне жайлы болуға бағыт алған қалалардың бірегейі. Алматының басты ерекшелігі, қаладан 20 минут жүрген соң тауы, қайыңы, қарағайы, сарқырамасы, өзені мен көлі бар керемет ұлттық саябаққа тап боласың, - дейді Илья Варламов. Одан бөлек ол дәмді тамағын да атап өткен.