Блогер, психолог ретінде танымал Құралай ханым Аман Тасығанға берген сұхбатында Talk Like бағдарламасында жұбайы көзіне шөп салғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бағдарлама жүргізуші блогерден отбасындағы мәселе туралы сұраған."Жаңадан үйленген жылдары болды. Психологияға келуім отбасымыздағы жағдайлардан болды. Содан кейін көп ізденіп, психологқа бардым. Солардан оқып, отбасымызды бір жүйеге келтіріп алдық", - дейді ол.Алайда Құралай бұл жағдайды күйеуінің бетіне баспайтынын жеткізді."Ол ситуацияға алғысым шексіз. Ол ситуация болмаса, әлі сиыр сауып отырар едім", - дейді психолог.