Әлеуметтік желіде toop_tiip атымен танымал блогер Карима Мәлік мәһрге ерекше нәрсе сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасына жариялап, жазба қалдырды."Ең көп ойланған сұрағым шығар. Махр деген басында мен үшін пайдаға асатын, кейін күйеуің берген затты сатып тамақ алатын немесе бала шағаңды асырайтын зат болуы керек деп прям сол ойды түйіп алған едім. Бірақ! Үйге де, көлікке де Алла қаласа бірге жетерміз. Мен үшін естелік пен зат ретінде қалғанын қаладым. Сол үшін 2 зат сұрайын деп шештім, - деп жазды ол. Шариғат бойынша неке қиып отырған имамның мәһрге не сұрайсыз деген сауалына блогер: "Бірінші tiffany кулоны бірақ ол қымбат тұрмайды, ал екінші Нью-йорк қаласына барып, тікұшақпен ұшу", - деп жауап берді.