Оралдық белгілі журналист өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Қаралы хабарды «Мой город» басылымы жариялады. Журналист Дмитрий Терещенконың қазасына жүрек талмасы себеп болуы мүмкін. Дмитрий Терещенко еңбек жолын студенттерге арналған «Өркен» газетінен бастады. «Надежда», «Приуралье», «Уральская неделя», «Қазақстан Орал» телеарнасында тілші болды. Ол өмірінің соңына дейін «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Батыс Қазақстандағы тілшісі болып еңбек етті. Дмитрий Терещенконы соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 11 сәуір күні сағат 12.30-да «Талап» салттық қызмет көрсету орталығының залында өтеді.