Танымал модель әрі блогер жезөкшелікпен айналысатын "элиталық эскортницалар" желісінің ұйымдастырушысы болған

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі "жабық" топтарды анықтады. Олар арқылы Алматы қаласында қалталы ер адамдар үшін интимдік және "эскорт-сүйемелдеу" қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен "жеке" секс-кештер ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері көліктегі полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, сол топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық қызды ұстады. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Ол қыздарға "демеушілерді" табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру 300 АҚШ долларын құраған.Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40 пайызын өзіне алып отырған. Ал қалғанын қызмет көрсеткен қыз алған. "Кездесудің" құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағамен өлшенген.Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп деректерді талдау нәтижесінде күдіктінің 2022 жылғы қаражат айналымы анықталды. Ол- 209 миллион теңгеден астам сома.Секс-бизнесті ұйымдастырушы өз қызметін жасыруға тырысқан. Өзін Instagram әлеуметтік желісінде 100 мыңнан астам оқырманы бар табысты модель әрі блогер ретінде көрсеткен. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген. Тінту барысында күдіктіден қылмыстық "бизнес" туралы жазбалары бар күнделік, жаңа және сатып алынатын жылжымайтын мүлікке құжаттар, ақ түсті ұнтақ заттың қалдықтары бар қалта айнасы, есірткі заттарын тұтынуға арналған бұралған ақша, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автомашиналар, сондай-ақ салмағы 1,72 грамм болатын "мефедрон" табылып, тәркіленді.Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысу үшін осы "жабық" топтарда тұратын "элиталық эскортшылар" полиция бөліміне жеткізілді.Прокуратура келісімі бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабымен "Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық" және 297-бабымен "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Қазақстанда бұған дейін жабылған кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді: 15 желтоқсан 2024, 10:24 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жол жабылады
Инсульт алып, ауруханада жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесі қолды болған
2025 жылы қалай киіну керек? | Сағатына 150 мың табамын | Бренд қуатын адамдар клоун - CТИЛИСТ
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады