Желтоқсан және қаңтар айлары кинобизнестегі ең табысты кезеңдердің бірі, сәйкесінше ірі студиялардан да, қазақстандық продюсерлерден де көптеген жобаларды күтеміз. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz. жазады."Жаңа жылдық жарыста" бұл жолы отандық "Таптым-ау сені", "Дәстүр" және "Қазақша бизнес Бразилияда" фильмдері көрермендер арасында ерекше орын алды. Дариға Бадықованың алғашқы продюсерлік жобасы "Таптым-ау сені" романтикалық комедиясы 2023 жылдың 1 желтоқсанында тұсауы кесілген сәттен бастап 2024 жылдың 31 қаңтарында прокаты аяқталғанға дейін кассалық табыс бойынша жетекші орында болды. Фильм иелері мен Rentrak жүйесінің мәліметтері бойынша, "Таптым-ау сені" екі айда (12.01.2023-31.01.2024) 1,85 миллиард теңгені жинап, отандық фильмдер арасындағы абсолютті рекордты орнатты. Дариға Бадықованың романтикалық комедиясының ізінен көрермендердің көңілінен шыққан тағы бір дебют – Қуаныш Бейсектің "Дәстур" толықметражды фильмі. Жаңа жыл қарсаңында басталған хоррор жанрындағы фильм Rentrak жүйесі бойынша бес аптаға жуық уақыт ішінде 1,72 миллиард теңге табыс тапты. Көптеген жылдар бойы дәстүрлі түрде Жаңа жыл қарсаңында шығып, кассалық рекордтар орнатқан "Қазақша бизнес" франшизасын да атап кетуіміз жөн. Алайда, бұл жолы комедиялық хикаяның жаңа бөлімі тек үшінші орында болды: Rentrak жүйесі бойынша "Қазақша бизнес Бразилияда" 1 миллиард теңгеге жуық жинаған. Отандық кинематографияның жетістіктеріне, әсіресе Дариға Бадықованың сәтті дебюттік жобасының қуаныштымыз, себебі кино саласында продюсер әйелдер санаулы ғана. "Таптым ау сені" рекордтық табысын қазақтың қыз қуу ойынымен салыстыруға болады: атақты жігіттердің ешқайсысы оны қуып жете алмады, - деп хабарлайды Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясы.