Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтің Түркияның «Бешикшташ» клубына ауысуынан «Тараз» 63 миллион теңге пайда тапқан, деп хабарлайды Bassport.kz. Aladop порталының жазуынша, жалпы 105 миллион теңгені құрайтын қаржыны «Астана», «Ростов», ЦСКА секілді ұжымдар да аз-маз алады.Дегенмен, басым бөлігі «Тараз» футбол клубына жіберілді. ФИФА ережесі бойынша, футболшы басқа клубқа сатылғанда алғақшы командасына белгілі бір пайызы беріледі.