Тараз қаласында 100-ге жуық үйдің тұрғындары суға жарымай отыр

Тараздың қақ ортасындағы көшенің тұрғындары қала билігіне өкпелі.100-ге жуық үй бар көшеде не ішетін су жоқ, не үйлер орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Жол да жоқ. Жүріп-тұру қиын. Бұл проблемалардан халық әбден мезі болған. Әрі қарай тілшіміз айтады. Қаладағы Әбдібаева көшесі инфрақұрылымнан ада. Тұрғындар әлі күнге дейін суды тасып ішеді, септиктер сарқынды суға толы. Ойдым-ойдым тас жолдың түрі- мынау. Көшеде бар жоғы үш баспа құдық бар, 80 үй соған қарап отыр. Қыста құдық қатып қалғанда, жағдай тіпті қиындайды. Су құбырын жүргізейін десе, құны қымбат, тұрғындар қалтамыз көтермейді дейді. Әр аула кемі 500 мың тг төлеуі тиіс екен. Кәріз жүйесі жоқ, көшедегі иіс қолқаны қабады. Майрамкүл ТОРТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:21 ғасырда кім көріпті калонка пәсіп су алатынымызды. Кейде су тартылып та кетеді. Оған су құямыз. Қыста оны ораймыз кішкентай бала ұқсап. Кір жуамыз түнде, шомылады балалар түнде. Не ұйқы, не күлкі жоқ! Алмат ҚАЛЫБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Жақын арада кірмейді дейді кәріз жүйесі. Айналамыздағы көшелердің бәрінде бар. Бізді қосса кәріз жүйесі толып қалады ма? Біздің қалаға 2 мың жыл. 2 мың жыл бұрын бұл жерде канализация болған. Дегенмен, ай сайын коммуналдық төлем түбіртегі келетін көрінеді. Соған қарағанда су мен кәріз жүйесі қағаз жүзінде кіріп қойған ба деп күдіктенеді жұрт. Ал жауапты басқарма өкілінің айтуынша, осы айдың аяғына дейін ауыз су тартудың сметалық құжатын әзірленеді. Қаржы қаралса биыл су жүргізіп, тас жол төсейміз деп отыр. Ал орталық кәріз жүйесіне қосу алдағы жылдардың еншісінде дейді. Серік, ТҰРҒЫН ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:Кәріз тазарту құрылыстары ол қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Құрылысы жоспармен 2025 жылы басталады. 3 жыл құрылысы жүреді. Сол жүргізілгеннен кейін қала аумағындағы көшелерді кәріз жүйесіне қосу назарға алынатын болады. 80 ауланы кәріз жүйесіне қосу 4-5 жылдан кейін іске асады. Айта кетейік, қаладағы 4 саяжай мен шалғай Қарасудағы 7 алқап кәріз жүйесіне қосылмаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті
"Ордабасы" жаңа бапкерді таныстырды
"Қайрат" футбол клубы португалиялық легионермен толықты
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты
Астанада қарлы боран: әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек беретін 65 орталық бар
Семейдегі алаңға шырша орнату кезінде мұғалім құлады: министр пікір білдірді
Пияздың пайдасы мен зияны
“Алып ақ теңіз сегізаяғы“ ұсталғаны рас па?
Жамбыл облысының тұрғыны еңбек кітапшасындағы қате үшін зейнетке шыға алмады