Тараз маңындағы әскери қоймадағы жарылыстар бойынша сот үкімі шықты

Шымкент гарнизонының әскери сотында Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылысқа қатысты атышулы іс бойынша сот отырысы аяқталды.Айта кетейік, аталмыш жарылыс барысында 18 құтқарушы мен әскери қызметкер қаза тапқан болатын. Төрт офицер және бұрынғы жедел қызметтің екі сарбазы сотталды. Жарылыстарға қатысты екі қылмыстық іс қозғалып, кейін бір өндіріске біріктірілді. 800 томнан тұратын іс ақпан айында Шымкент гарнизоны әскери сотына жіберілген. Сот барысында 300-ге жуық куәгер мен жәбірленушіден жауап алынды. Тергеу қорытындысы бойынша, өртке және одан кейінгі жарылыстарға бұрынғы жедел қызмет сарбаздары Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбай кінәлі. Оларға 459-баптың 2-бөлігі «Әскери мүлікті қасақана жою және бүлдіру» және 202-баптың 3-бөлігі «Бөтеннің мүлкін қасақана жою және бүлдіру» бойынша айып тағылды. Сонымен қатар, немқұрайлылық танытып, қарумен жұмыс істеу ережесін бұзды деген айып тағылған төрт офицерге қатысты тергеу жүргізілді. Іс Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбайдың мүддесін қорғайтын адвокат Сағадат Әміренің өтініші бойынша біріктірілді. Қорғаушының айтуынша, тергеу енді ғана басталғанда, жарылыс болмай тұрып қоймада бірге жұмыс істеген оның қорғалушылары мен әріптестері бұл іске куә ретінде тартылған. Әріптестерінің бірі айыпталушыларға қарсы куәлік бергеннен кейін жағдай өзгерген. - Олардан бірнеше рет жауап алынды, бірақ менің қорғалушыларым ештеңе білмейтінін және жарылыстың қалай болғанын көрмегенін айтты. Жарылыс алдында олар өздеріне бекітілген аумақтағы жұмысын аяқтап, қойма аймағынан шығып, асхананың жанында командирді күтіп тұрған. Сотта біз олардың кінәсіздігін дәлелдедік. Ең бастысы, олар бір айдан кейін әскер қатарынан шығатынын білді, теріс пиғылдары болмаған. Олар кейінірек сонда қайтадан қызметке кірді. Егер олар айып тағылған істі жасаған болса, қайта келе ме? Олар керісінше қашып кетер еді», - дейді Сағадат Әміре.Бүгін Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы Бөрлібай Қайыпов сотталушыларға қатысты үкімді жариялады. Сотта алты әскери қызметшінің ешқайсысы кінәсін мойындамады және соттан оларды ақтауды сұрады. Сот барлық ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, тағылған айыптар жиынтығы бойынша Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбайды жарылыстарға кінәлі деп танып, әрқайсысын 9 жылға бас бостандығынан айырды. Төрт офицердің екеуі ақталды. Тағы екеуі кінәлі деп танылды, бірақ ескіру мерзімінің өтуіне байланысты олар қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Олар әскери бөлім басшысының міндетін атқарушы Аслан Бақытжанов пен оның орынбасары Руслан Несіпқалиев. Төрт офицердің екеуі ақталды. Тағы екеуі кінәлі деп танылды, бірақ ескіру мерзімі аяқталғаннан кейін олар қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Олар әскери бөлімнің бастығының міндетін атқарушы Аслан Бақытжанов және оның орынбасары Руслан Несіпқалиев.Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасынан өрт шықты. Алапат өрт пен одан кейінгі жарылыстар нәтижесінде 18 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Бірнеше аудан мен әскери бөлім 25 миллиард теңге көлемінде шығынға ұшырады.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Григорий Бабаян: Қарсыластың деңгейі жоғары болды
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Конференция лигасы: “Астана“ “Челсиге“ есе жіберді
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды