Тараз тұрғыны 19 жыл бұрын өлгендер тізіміне еніп кеткен

Тараз тұрғыны 19 жыл бұрын өлгендер тізіміне еніп кеткен. Ал өзі оны бір жарым жыл бұрын ғана біліпті. 59 жастағы азамат зейнетақы қорындағы ақшасын есептетуге барған, сонда қайтыс болған азаматқа қызмет көрсетпейміз деп қайтарып жіберіпті. Енді тірі екенін дәлелдей алмай жүр.Өзі тірі, құжат жүзінде бақилық болған Олег Ким алғашында есеңгіреп қалған. Зейнет жасына жақындаған соң зейнетақы қорындағы қаражатын түгендеуге барыпты. Сөйтсе ондағы мамандар тірі әруақ келгендей таңқалған. Олег КИМ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Зейнетке шығуыма жақын қалды ғой деп зейнетақы қордағы қаражатымды есептетуге барғанмын. Сөйтсем мамандар маған таңқалып, сізге қызмет көрсете алмаймыз, өйткені тірілір тізімінде жоқсыз деді. Қолыма қағазды ұстатты. Сөйтсем мені Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотты 2004 жылы марқұмдардың қатарына енгізіп жіберіпті. Бір жарым жылдан бері өлгені туралы анықтамасын алып, тірі екенін дәлелдей алмай бармаған жері қалмапты. Жақында бұрынғы әйелі оны іздеп сотқа жүгінгенін анықтаған. Ал сот оны өлді деп шешім шығарған көрінеді. Олег КИМ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз әйеліммен заңды түрде ажырасқан жоқпыз. Ол кезде 10 жастағы қызым қалған. Кейін әйелім мені іздеп таппаған ау деп ойлаймын. Мен жоқ болып кеткен соң ол сотқа жүгінген болуы керек. Ал судья қайтыс болды деген шешім шығарып жіберген ғой. Бірақ мені ешкім іздеген жоқ. Тірі әруақ болдым деген азамат осы уақытқа дейін қалай өмір сүріп келгеніне аң таң. Бір фирмада жүк тасушы болып жұмыс істеп, жалақы алған. Екі жыл бұрын ескірген жеке куәлігін де еш кедергісіз ауыстырыпты. Ал АХАЖ бөліміндегілер өлді деген дерек электронды ортақ базаға тек 2021 жылы енгізілгенін айтады. Бахытнұр ТІЛЕУБЕКҚЫЗЫ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ АХАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл кісінің статусын қайтару үшін АХАТ бөліміне жүгінуі керек. Өтініш жазып. Қайтыс болу акт жазбасын жою үшін. Содан кейін бұл кісіге сотқа жолдама береміз.Түрксіб аудандық сотының 2004 жылғы шешімін жою үшін. Сол жою фактсын әкелгенде біз оны жойып тастаймыз.Одан кейін статусы өзгереді. Олег Ким азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне өтініш тастады. Енді тірілер тізіміне нақты қашан қосылары белгісіз. Ал алпысты алқымдаған азамат әзірге мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді ала алмайды. Б. Жұмабай

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қуанғаннан жылап жібере жаздадық»: Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртастың видеосы қызу талқыға түсті
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов қандай жар іздеп жүргенін айтып берді
“Ақпан төңкерісі, Ұлы Отан соғысы, Жаңаөзен оқиғасы“. Жылан жылы әр жылдары қандай оқиғалармен есте қалған?
Мына жаңажылдық әндерді көлікте тыңдау қауіпті болып шықты
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр