Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына құрылысы аяқталмаған нысанның төбесінен қыз баланың секіріп кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы zakon.kz. хабарлайды,. Бұған қатысты ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз-қала тұрғыны. Облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілген, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.Бойжеткеннің өзіне-өзі қол салуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мәселенің мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталатын болады. фото zakon.kz. алынды