Тараз қаласында 4 бөлмеден тұратын мектеп бар. 64 оқушы білім алуда. Балалар түгілі мұғалімдер түгел жиналсақ, мектепке сыймай қаламыз дейді. Ұядай ғана білім ордасында тілшіміз болды. Ұстаздармен тілдесті. Жаңа мектептің құрылысы қашан басталатынын жауаптылардан сұрады.Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ: Тараз қаласындағы № 58 бастауыш мектептің сиқы осы. Төрт бөлмеден тұратын мектеп, 45 балаға арналған. Алайда мұнда екі ауысымда 64 бала білім алуда. Енді өздеріңіз көріп тұрған шағын мектептің ішіне еніп, кабинеттерімен танысайық. Шағын мектепке бас сұққанымызда жарықтың да жоғын байқадық. Қызылабад алқабы қала құрамына 2012 жылы кірген. Бірақ бұл біліп ошағы 40 жыл бұран салынған екен. Төрт жылдық бастауыш мектепте 4 қана бөлме бар. Оның үшеуі оқушыларға арналса, бірі ұстаздар отыратын орын. Акт және спорт зал атымен жоқ. Ал асхана мен дәретхананы дәлізге сыйдырыпты. Ләззат ЕШЕНҚҰЛОВА, №58 БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Спорт алаңы керек спорт залымыз жоқ. Актовый зал керек дегендей. Балалар кішкене іс шараларға қатысатын. Кітапханамыз да жоқ. Осы ауылда бәрінде газ кірген газ бар. Бірақ мынау біздің мектебімізде газ жоқ. Бұл жерде біз көмірмен от жағамыз. Бұл алқапта мектеп жасындағы 400-ден аса бала бар. Оқушылар шағын мектепке сыймай, басқа білім ошақтарына қатынап оқуға мәжбүр. Ал шағын автобустың өзі сирек қатынайды. Айнұр АХМЕТОВА, ҚЫЗЫЛАБАД АЛҚАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Байтұрсыновтан қалған көз деп айтады. Екі бөлмелі времянка ғой. Даже дәу үйде емес. Оны мектеп деп қояды. Асхана, спорт залы жоқ мектеп бола ма? Қаланың түбінде тұрып мектеп болмау дегенді мен түсінбеймін. Теміркүл СӘМБЕТБАЕВА, ҚЫЗЫЛАБАД АЛҚАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қызылабадта халық саны күннен күнге көбейіп бара жатыр. Бала саны көп мектепке баратын. Өте қиын болып жатыр балалардың қатынап оқуы. Әсіресе қыстың күні. Тайғақ, автобус қатынамайды. Білім басқармасының басшысы бұл алқабқа жақын арада білім ошағы салынбайды дейді. Құжаты да әзірленбеген. Жауаптылар барлығын қаржыға тіреп, қол қусырып отыр. Мейірхан ӨМІРБЕК, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазір республикаға 7 мектепті қаржыландыру мәселесін 25-жылға салу мәселесін көтеріп отырмыз. Бұл жерде 300 орындық мектеп салу керек деген тұжырымға келдік. Құжатын дайындау керек әлі сметалық құжаттарын. Оның өзі уақыт алады. Мерзімдері бар. Сол себепті құрылыс сол 2025-жылы салынады деген жоспар бар. Жамбыл облысында биыл 24 мектеп салынады екен. Бірақ Қызылабадтағы мектеп тізімде жоқ. Жауаптылар биылға тек мектепке газ кіргізіп берудің жолын ғана қарастырамыз деп отыр. Мектепке барар жол да жоқ. Айналысының барлығы шұңқыр. Қоқыс үйіліп қалған. Құдды қалдық полигонына айналғандай.