Таразда 70 жастағы желаяқ тұрады

Таразда желмен жарысқан желаяқ тұрады. 70 жастағы Жақсылық Мамырбекұлы ә дегеннен 50 шақырымды еңсереді. Жүгіруден алдына қара салмайтын қария халықаралық жарыстарға да қатысады,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Тараз көшелерімен күнделікті жүгіретін қарияны қала халқы тегіс таниды. 70 жастағы Жақсылық Мамырбекұлы 7 жыл бойы жүгіруді жанына серік еткен. Жаттығу ретінде күніне 5 шақырымды бағындырады. Белтемірдің құлағында ойнайды. Жақсылық Мамырбекұлы, марафоншы: 40 шақырымды 63 жасымда бастадым. 2017 жылы «Эксподан» бастадым. Содан, міне әлі жүгіріп келе жатырмын. Өзімнің бір сөзім бар: жүгіру – жұз аурудың емі, марафон – мың аурудың емі деген. Шамам болса жүгіре беремін. Мен жүгірген сайын ләззат аламын. Ақсақал жуырда 50 шақырымды 4 сағатта жүгіріп өтті. Ресей мен Орталық азия елдерінен де олжалы оралған. Қатарластары қария деуге қимайды, «жетпістегі жас жігіт» деп қалжыңдайды. Бекасыл Үсіпбек, қала тұрғыны: Өз еңбегімен салауатты өмір салтын жариялап, елге, жастарға жеткізіп жүрген осы кісі. Біз оны мақтаныш тұтамыз. Салауатты өмір салтын дәріптеп жүрген кісілер өте аз. Сондықтан мұндай кісілерге қолдау көрсету – біздің міндетіміз. Ал аймақтың спортына жауаптылар ат төбеліндей ардагерлер бұқаралық спортты дамытуда марафоншыларға мотивация береді дейді. Нұржан Жолдасбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары: Облыс тұрғындарының 500 мыңға жуығы яғни 40,3 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануда. + Ардагерлеріміз жарысқа қатысу үшін қаржы қарастырылып, бөлініп, іс-шараларға жіберіледі. Жақсылық ата жастарға үлгі болып, тоқсанға жеткенше тоқтағысы жоқ.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Пара берсең алтын өндіресің!": ШҚО экология департаментінің басшысына сот үкімі шықты
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Мәжіліс депутаты Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Гүлмира Сатыбалды апелляциялық шағым түсірді: сот не шешті?
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің кінәсі барын тағы айтты
Жас кәсіпкер қымыздан жасайтын балмұздағының сырын ашты
Мемлекет басшысы электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты