Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған, деп хабарлайды Kazinform Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.