Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы және бұрыңғы сектор меңгерушісі лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Қос қызметкер Бір шаруаның 3 жарым гектар жерін мемлекет «мұқтаждығы үшін» деп тартып алып, жартысын көлік салонын салмақ болған кәсіпкерге 93 млн теңге сатып жіберген. Жалпы мемлекетке 121 млн теңге шығын келтірген. АЯЛА ҚҰДАЙБЕРГЕН, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БӨЛІМІНІҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Мемлекеттік қызметкерлер жер учаскелерін 2021 жылы заңсыз сатып, аталған заңбұзушылық 8 ай арасында анықталған. Қазіргі таңда сот шешімімен жер учаскесі мемлекеттік қорға қайтарылды. +Оларға мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, екеуін де 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.