Таразда Қарасу ауданындағы көпқабатты үй маңында жойқын газ жарылысы болды. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ, деп хабарлайды @taraznews.kz. Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жамбыл облыстық ТЖД мәліметінше, жер астындағы газ құбыры жарылған. Жарылыс 5-ші шағынаудандағы №26 үйдің жанында болды. Оқиға орнында бес құтқарушы, екі техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының төрт қызметкері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.Оқиғаның себебі анықталуда.