Таразда автобус көлік тұрағына шығып кетіп, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Төле би даңғылының бойында автобус жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, көлік тұрағына шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.