Таразда маршруттық автобустың жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, 10 автокөлікпен соқтығысты. Соның салдарынан 1 адам зардап шеккен. Бұл туралы Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Төле би даңғылында 33 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Онда ол тұрақта тұрған 10 көлікті соққан. Жамбыл облысының ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болған. Жарақат алған 56 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша автобус жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.