Таразда қыз алып қашқан азаматтарға қатысты сот үкімі шықты. Қос жігіт 7 жылға сотталды. Көмектеспек болған досының жанұясы бар. Айыпталушының жақындары жазаны тым ауырлатып жіберді деп отыр. Тараздық бойжеткен кешірім берсе де жаза жеңілдемепті. Сондықтан қайта аппеляцияға арыз берген. Маңғыстаулық азамат Тараздың қызымен өткен жылы көктемде танысқан. Кездесіп сөйлесе келе үйлену туралы ұсыныс білдірген. Алайда қыз қарсы болып, телефонын көтермей байланысты үзбек болған. Ақпан айында жігіт ақтөбелік досын ертіп келіп, қызды көлікке күштеп отырғызады. Алып қашу операциясын көршілері көріп қалып, полиция шақырған. Олар көп ұзамай қаланың шыға берісінде қолға түскен. Енді қамауға алынған қос азаматтың жанындағы жолдасы көп балалы әке екен. Ол адам ұрлауға емес, досы отау құрсын деген жақсы ниетпен барғанын айтады. Сондықтан 7 жыл деген жаза тым ауыр деп отыр. Жанар ЖАННАЗАРОВА, АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ӘЙЕЛІ: Жолдасы өтініп мен қызбен кездесіп жүрмін, бір дастарханда дәмдес болып отырмыз деген қызбен кездесейік келші деген соң барған жаман ниетпен барған жоқ. Қызды бұрын көрмеген, сөйлеспеген емес. Қызбен кездесіп сөйлесіп жүрген.5 бала әкесіз жетіп қалып отыр. 7 жыл деген тым ауыр. Сондықтан жазасын жеңілдетіп берсе деп сұраймын. Қызды алып қашуға еріп барған Қ есімді азамат бір отбасының жалғыз асыраушысы. Ал заң қадағалаушы орган өкілдері бұл ең төменгі жаза дейді. Асылан РАҚЫМБАЙҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ Аталған тұлғалар қылмыстық кодекстің 125 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танып, әр қайсына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Адам ұрлау дерегі бойынша ең төменгі жаза 7 жыл бас бостандығынан айыру, ең төменгі. Енді түпкілікті шешім аппеляциялық сатымен қабылданады. Қазіргі таңда қыздың өзі де сотқа өтініш түсіріпті. Кешірімін берген, тіпті сырға салып некелесетінінде жеткізген. Айта кетейік, сот шешімі заңды күшіне енбеген. Бұл істің нақты нүктесі аппеляциялық соттан кейін белгілі болмақ.