Таразда тоғызыншы сынып оқушысы құрбысын кешкі серуенге шақырып, тамағына пышақ сұқты

Таразда тоғызыншы сынып оқушысы құрбысын кешкі серуенге шақырып, тамағына пышақ сұқты. Он бес жастағы жасөспірім жауыздық жасауды бір апта бұрын жоспарлапты. Қаңтар айының басында өз тамырын кесіп, өмірмен қоштасқысы келген. Мұндай әрекеттерге неге барды? Психологиялық ауытқуы болуы мүмкін бе? Аймақтағы тілшіміз анықтап көрді. Сыныптас қыздар қаладағы нөмірі 35 мектепте оқиды. Серуендейік деп кешкілік уақытта саябаққа шақырады. Кластасының көңілін қимай барады. Кездескен сәтте күтпеген жерде құрбысы тамағына пышақ сұғады. Қансырап жарақаттан жәбірленуші қашып құтылады. Оқиға қаңтардың 30-ы күні болған. Ғабит КАДЕРОВ, №35 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Сыныптасы Ақбота мен екеуі қыдырып жүріп, Сафияның мойнынан пышақпен ұрғанын анықтадық. Оң жағынан міне мына мойнынан. Пышақты бір апта бұрын магазиннен алған. Үйіне сөйтіп қойып қойған. Алтыншы мкр-ның 29 шы домның артқы жағында, қараңғы бата сол кезде жасап отыр. Құрбылардың арасында ешқандай жанжал болмаған. Сынып жетекшісі пышақтаған қыздың еш оғаш қылығын байқамағанын айтады. Мінезі тұйық, жақсы оқитын тәртіпті дейді. Ал жарақат алған қыздың жағдайы жақсы, үйінде ем алып жатыр. Шолпан ЖАРКИЕВА, СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: Өте салмақты, жақсы оқитын тәртіпті оқушының бірі еді. Ешқандай жат қылығын көрмеген едім. Олда анауда шоктағы жағдайда. Пышақтың ұшы кірген. Егер шамалы 1-2 милиметр болғанда жарақат ауыр болар еді. Күре тамыр кесіліп те кетуі мүмкін еді. Жауыздыққа барған қыздың анасы сол мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Ол қызының мінез құлқы осыдан үш жыл бұрын бұзылғанын байқаған. Карантин кезінде қатты өзгеріпті. Былтыр күзде психотерапевтке де барған екен. Назгүл ДІНБАЕВА: 3 жыл бойы оны бір дауыстар мазалады. Үнемі басын қабырғаға ұратын. Ол өкінеді, бірақ айтады: «мама мен жасаған жоқпын. Маған дауыс айтты жаса деп» дейді. Шок алған. Сол пышақты қалай ұстағанын білмейді. Былай бәрі кесілген. Өзінің қолын кесіп тастаған. Сөйтіп үйге қан-қан болып келді. Алдында өзіне ауды. Агрессияға кеткен. Өзін жаралау, өмірден түңіліп кетті да не үшін өмір сүріп жатырмын деп. Күдікті қыз жылдың басында өзіне қол жұмсап, тамырын кескін. Сол кезде анасы мектептің психологы мен директорына айтқан. Бірақ, ешқандай шара қолданбаған. Сол үшін мектеп директоры мен психолог жұмыстан кетіпті. Раушан ҚОЖАМЖАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жұмыстан өз еркімен, өз өтініші бойынша жұмыстан кетті. Я бұған себеп болған өздеріңізге белгілі, осы 35 мектептегі үлкен кикілжің дау. Бұл мектепте жаңағы күдікті қыз, бір емес бірнеше рет осындай ықтимал іс әрекеттерге барған екен. Оны мектеп әкімшілігі мектептің директор мен психологы жасырып келген. Ақыл-есі ауытқыған оқушы қыз қазір психикалық диспансерге жатқызылған. Барлық сараптамалар тағайындалыпты. Кәмелет жасына жетпеген оқушының алдағы әрекеті тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады дейді тәртіп сақшылары. Алмаз САЛАМАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленуші тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін госпитализациясыз үйіне жіберілді. Қалған мәлімет қылмыстық процесуалдық кодекс бойынша жариялауға жатпайды. Осы жағдайдан кейін арнайы мамандар барлық мектепте психологиялық тексеріс жүргізуді бастапты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қазақстан» спорт кешенінің құрылысы Мәжіліс депутаттарының назарында
Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмды
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Алматыда полиция қызметкерін өлтіріп кетті
“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысымен танысты
«Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінің пайдасы қандай
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды