Таразда тірі тауарға айналған сәби қазір балалар үйінде

Таразда жаңа туған сәбиді сатқан екі акушер қамауға алынды. Олар шақалақты 1 жарым млн теңгеге бағалаған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тараз қалалық көпбейінді перзентханада босанған 1987 жылғы келіншек медицина қызметкерлеріне материалдық жағдайының төмендігін айтып, нәрестені балалар үйіне беруге ниетті екенін білдірген. Оны естіген акушерлер жаңа туған нәрестені тірі тауарға айналдырып, саудаға салыпты. Осы айдың басында туған шақалақ бүгінгі күнге дейін жалдамалы пәтерде болған.Жамбыл СМАТОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Медицина қызметкерлері бала туа алмайтын әйелді алдын ала дайындап, пайда табу және өзінің ниетін жеткізу мақсатында босанғаннан кейін жаңа туған нәрестені 1.5 миллион теңгеге сатуды ұйымдастырған. Кәмелетке толмаған баланы сату дерегі бойынша ҚК 135-ші бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру тіркеліп, екі медицина қызметкері уақытша қамау абақтысына қамаққа алынды. Баланы сатуға делдалдық еткен медицина қызметкерлерінің бірі 12 жыл, ал бірі 30 жыл осы перзетханада акушер болып жұмыс істеген. Туғанына ай толмаған сәби қазір балалар үйінде. Себебі, анасы босанған қызынан бас тартқан. Ал нәрестеге ат та қойылмаған, тіпті құжаты да жоқ. Оны өмірге әкелген әйел аналық құқынан айырылуы мүмкін. Гүлайым МАНИБАЕВА, «ҮМІТ» БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Салмағы 3,420, денесі таза, денсаулығы да жақсы. Қазіргі күні азанда өзім кіріп шықтым жағдайы жақсы. Өздері қазір ойлап тапқан шығар. Балапан дейді. Бір атты уақытша ойлап табады. Б. Жұмабай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шырша орнатамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтылды
Екі өңірде аязда жоғалып кеткен малшылар табылды
«Қуанғаннан жылап жібере жаздадық»: Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртастың видеосы қызу талқыға түсті
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды