Таразда төрт қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 1 адам қаза тапты. Үш адамды күйік шалған. Қазір олар ауруханада. Төтеншеліктер 50 адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге көшірді. Оның жартысы-бала. Өртті сөндіруге 14 техника мен 50-ге тарта жеке құрам жұмылдырылған. Барлау барысында өрт сөндірушілер төртінші қабаттан 1981 жылы туған ер адамның денесін тапқан. Ал жарақаттанғандардың біреуі- мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі. Тұрғындарды құтқару кезінде оның денесі күйіп қалған. Дәрігерлер зардап шеккен үш адамның жарақаты жеңіл екенін айтады. Ал тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Карина КАРТАШОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Қарасу ықшам ауданында 4 қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат түнгі 03:20 да өрт толығымен жойылды. Бүгінгі таңда себебі мен шығыны анықталуда. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.