Тараздағы клубтарды өздерінің “күзет қызметін” пайдалануға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы ПД жедел қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласында қылмыстық топтың әрекетін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді. Бұл операцияға “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің сарбаздары да тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Қаланың барларында, кафелерінде және түнгі клубтарында бұзақылық әрекеттер жасап, бірнеше рет төбелес, жанжал шығарған топ ведомствоның жедел қызметкерлерінің назарына көптен іліккен болатын. Жедел тексеру барысында қала мен облыс аудандарының спортшылары мен бұзақы жастары қатарынан осы топқа қатысушылар анықталды. Олар бірқатар ойын-сауық мекемелеріне күзет қызметі түрінде қылмыстық қорғаушылық ұйымдастырған. Бұл топтың ішінде бұрын бұзақылық және бопсалау жасағаны үшін сотталғандар да болды. Сонымен қатар бұл топтың атыс қаруы қолданылған қылмыстық қақтығыстарға қатысқаны да анықталды. Ойын-сауық орталықтарының басшылары қылмыстық топтың “күзет қызметін” пайдалануға мәжбүр болуы үшін олар клубтар мен кафелердің клиенттері мен қызметкерлеріне тиісіп, қақтығыстар, төбелестер және жанжалдар ұйымдастырды. Полицияға қылмыстық топтың 11 қатысушысы жеткізілді. Олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында атыс, травматикалық қарулар, суық қару мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Басты күдіктілер, атап айтқанда қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен жетекшілері уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Орталық төңірегіндегі тартыс
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл