Тараздық хирургтар науқастың бронхынан екі жыл бұрын тұрып қалған құрманы алып тастады

Тараз қаласында хирургтар әйелге ота жасап, оның бронхынан тұрып қалған құрманы алып тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығына (ЖОКО) 1966 жылғы әйел жүгінген. Ол іріңді қақырық түріндегі тұрақты жөтелге, физикалық күш кезіндегі ентігуге байланысты шағымданған. Айтуынша, екі жыл бойы осылай ауырған, қатты қиналған кезде амбулаториялық ем қабылдап, жүре берген. Ведомство ақпаратынша, науқасты компьютерлік томографиядан өткізгеннен кейін төменгі оң жақ бронхтың дистальды бөлігінде бөтен дененің белгілері, сондай-ақ оң жақ өкпенің S7, S10 гипостатикалық пневмониясы және созылмалы бронхит анықталған. Сондай-ақ науқас фибробронхоскопиялық тексеруден де өткен. Зерттеу нәтижелері бойынша әйелге оң жақтағы бронхтың төменгі бөлігінде бөтен дене (жеміс сүйегі), сондай-ақ екі жағынан іріңді эндобронхит диагнозы қойылған. Науқас гемоптизге байланысты шұғыл түрде кеуде хирургиясы бөлімшесіне жатқызылған. Кейін дәрігерлер оның бронхында тұрған құрманы эндоскопиялық тәсілмен алып тастаған. Содай-ақ шаю мен гемостатикалық терапиядан кейін қан кету тоқтатылған. "Құрманың мөлшері - 1,5*0,5*0,3 . Бүгінде жағдайы жақсарған науқас бөлімде ем алуын жалғастыруда. Туберкулезге және онкологияға биопсия деректері теріс нәтиже көрсетті", - дейді медицина қызметкерлері. Емдеуші дәрігер Ерназ Әлиевтің сөзінше, науқас екі жыл бұрын құрма жеп отырып, шашылып қалғанын айтқан. Алайда ауырсыну басылғаннан кейін ұмытып кетіп, уақыт создырып жүре берген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Байзақ ауданының тұрғыны дәрігерлерге өзін ұзақ уақыт мазалаған аурудан құтқарып, білікті медициналық көмек көрсеткені үшін алғысын айтқанын да атап өтті. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Рудныйдағы аялдамадан қараусыз қалған кішкентай бала табылған
Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Астанада 300 мың адам қалалық диктантқа қатысты
Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық семсерлесушіні соққыға жығып кетті
Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанға соғылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр