Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек – депутат Дархан Қыдырәлі

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет тарихына байыппен қарап, Алаш арыстарын ұлықтау туралы ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Сенатор Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда президенттің «Алаш көсемдері мен кеңес қайраткерлерін бір-біріне қарсы қоймау қажет» деген сөзін еске салды. «Әлбетте, тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек. Мәселен, биыл қазақ жерінің тұтастай бір республикаға бірігіп, еліміздің қазіргі шекарасының айқындалғанына жүз жыл – бір ғасыр толып отыр. Мемлекетіміздің тұтастығы үшін бұл маңызды оқиға елеусіз қалмауы тиіс. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков сынды алаш қайраткерлері бастаған тарихи процесті сол кезде билікте болған Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Сейітқали Меңдешев, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Жалау Мыңбаев сияқты тұлғалар аяқтап шықты. Енді ұлт мүддесі жолында басын бәйгеге байлаған осындай тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймай, тарих контексіндегі елдік мұратты алға шығарып, жан-жақты зерттей білу қажет», - дейді Қыдырәлі. Мәселен, сенатордың пікірінше, қазақ атын қайтарған Сәкен Сейфуллин мен ашаршылыққа қарсы күрескен, алаш қайраткерлерін қамқорлыққа алған Тұрар Рысқұловты құр коммунист аты немесе өзін қорғау үшін жазған хаты үшін жазғыру – әбестік. «Ел бірлігі үшін зиялылардың бірлігі шарт! Абайша айтқандай, ақылға бірлік керек. Сондықтан тұлғалар туралы сөз қозғағанда әдептен озбайық. Ірілермізді алаламайық, барымызды бағалайық! Өркениет – көркем ниеттен басталады. Осы орайда 2000 жылы Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Камал Смайылов сияқты ел ағаларының бастамасымен Халық шаруашылығы институты Ұлттық экономикалық университетке айналып, оған Рысқұловтың есімі берілген еді. Кейін оқу орны жекеменшікке өтіп, кеңестік «Нархоз» атауын таңдап, Т.Рысқұловтың атын алып тастады. Үкімет қаулысына сәйкес берілген атауды ЖОО қандай басқару түріне жататынына қарамай, ауыстыруға құқы жоқ. Таяуда бір топ зиялы қауым өкілдері Тұрардың атын университетке қайтару керек деп хат жазған екен. Сондықтан Алаш арысы Тынышбаевтың есімі Логистика және көлік академиясына қайта берілгені сияқты, бұл мәселе де оң шешімін табады деп сенеміз», - дейді депутат. Биыл Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл. Сенатор тұғырлы тұлғалардың мерейтойларын даңғазасыз, тағылымды етіп атап өту керек деп санайды. Бұл ретте ономастика мәселесіне де назар аудару қажет. Шекарамызды айқындауға айрықша үлес қосқан Әлімхан Ермеков сияқты тұлғалар елеусіз қалмауы тиіс, деп атап өтті Дархан Қыдырәлі. «Тағы бір мәселе, алаш арыстарының көбі қайда жерленгені белгісіз. Тіпті ұлт ұстазы Ахаңның қайда жатқанын білмейміз. Жақында Алматының іргесіндегі Жаңалық ауылында саяси репрессияға ұшыраған 163 адамның сүйегіне зерттеу жүргізіліп, генетикалық талдау арқылы 50 адамның дерегі анықталды. Қаражат бөлінсе, осындай әдіс арқылы Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров сияқты тұлғалар туралы деректер нақтыланар еді. Алматы іргесіндегі Боралдайдағы Қандысайда атылған Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Жанайдар Сәдуақасов сияқты 19 халкомға да осындай зерттеу қажет деп ойлаймыз. Қараусыз жатқан осы Қандысайға немесе Жаңалық ауылына Ата-Бейіт сияқты іргелі кешен тұрғызу – перзенттік парызымыз. Еліміздегі көптеген этнос өкілдерінің репрессияға ұшырағанын ескерсек, мұндай тағылымды іс ел бірлігін бекемдей түседі әрі 2020 жылы президент жарлығымен құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының нақты нәтижесі болар еді», - дейді депутат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Бір жылда 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды