Тарихы терең Тараздан тағы да мың жылдық қалашық табылды. Археологтар жылға жуық зерттеу жүргізіп Қарахан дәуірінен қалған керуен-сарайдың орнын анықтады. Он ғасырдан астам уақыт жер астында жатып, табылған тұрмыстық заттар археологтарды таңқалдырмай қоймады. Керамика ыдыстарының осынша уақыт үгітілмей ұзақ сақталуының сыры, сыртына өсімдік бояуы жағылған. Бұл қол өнердің ерте дамығандығын көрсетеді дейді мамандар. Нұрғали НЕСІПБАЕВ, АРХЕОЛОГ:Қазандардың ішінде мынадай 3 бұрыш тұтқалы ыдыстар бар. Бұл осы 3 жылдан бері зерттеліп жатыр Талас өңіріндегі төрткүлдер. Тек Талас өңірінде ондаған ескерткіштен ғана кездеседі мұндай. Қарахан мемлекеті кезінде сауда тұрағының іргетасы тастан, қабырғасы саздан салынған. Тіпті нысан ішіне ауыз су желісі жүргізілген. Суды таудан тартыпты. Тарихи орыннан тағы шынылар,жануарлардың сүйегі де табылды. Ералы АҚЫМБЕК, Ә. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Оңтүстік жағынан Нұрлыкент ауылы маңынан тағы да осындай, осыған ұқсас төрткүлдерді анықтаған болатынбыз. + Бұл жерден тікелей керуен жолдардың өткендігін білдіреді.