Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Abay live арнасына сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.Асхат Аймағамбетов балалардың құқығын қорғайтын заңға қатысты пікір білдірді. “Қоғамда түрлі алып-қашпа сөздер бар. Бірақ олардың негізі жоқ. Елімізде 22 мыңнан астам жетім балалар бар. Олардың 18 мыңнан астамы отбасы қамқорлығында ержетіп жатыр. Біреулер асырап алып жатыр, біреулері опекаға өткен. Бізде балалар үйінде тұрып жатқан балалар саны – 3700. Енді әрине осы заң жобасының ішінде үрейлері пайда болмас үшін нақты бекітейік. Тек қана жетім балаларға қатысты институт болуы керек. Балалар үйіндегі балаларды асырап алу үшін институт болу керек. Ел арасында түрлі фейктер тарап жатыр. “Ертең сіз балаңызды дұрыс қарамасаңыз, балаларыңызды тартып алады” деген жалған ақпарат тарап жатыр. Біз жұмыс тобын құрып қарап жатырмыз. Біз ата-аналардың қорқынышы болмау үшін нақты жазуымыз керек. Бірінші кезекте туған ата-аналарының құқығының басымдығы, екінші туған ата-анасын құрметтеу, үшінші бұл институт балалар үйіндегі балаларға тиеслі. Егер балалар үйіндегі балаларды асырап алам десе, басымдық беру керек”,-деді депутат. Депутат бауырлары бар, сырқаты бар, 14-15 жастағы балаларды асырап алу туралы мәселені зерделеу қажет екенін айтты.