"Tartyl Fest" жеңімпаздары мен жүлдегерлері 54 миллион теңге алды. Астанада DARA таланттарды қолдау қоры ұйымдастырған турникке тартылу бойынша турнир аяқталды. Оған елдің түкпір-түкпірінен 170-ке жуық мықты стритворкаутер жиналды. Гранд финал қарсаңында ұйымдастырушылар "Startup Fest"- те жаңа әлемдік рекорд орнатылуы мүмкін деп сендірген еді. Сонымен рекорд жаңарды ма? Бұл сұрақтың жауабын Мерей Қалиасқар біледі.Былтыр турнир алғаш рет елімізде 20 өңірде өтті. Онда 9 салмақ дәрежесінде 7 мыңға жуық қатысушы белтемірге тартылу бойынша бақ сынады. Өңірлік іріктеу кезеңінде Тараз қаласының тұрғыны турникке 50 рет тартылып рекорд орнатқан. Бұл жолғы жарысқа да ниет білдіргендер аз болмады. 11 мен 51 жас аралығындағы спортты жанына серік еткен 161 азамат сынға түсті. 18 жасқа дейінгілердің арасында өскемендік ең жас қатысушы Мансур Уәлиев турникке 36 рет тартылып, жеңіске жетті. Мансұр УӘЛИЕВ, ТҮРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ: 4 жасымнан спортпен айналысамын. Армрестлинг, жеңіл атлетитка және дзюдо спортына қатысамын. Осы «Tartyl Fest»-ке дайындалуға жарты жыл кетті. Осы жарыста қиын болды, бірақ мен өзіме сеніп, ешкімнен қорыққан жоқпын. Ұйымдастырушылар бұл жоба жалғасын табатынын және талантты жастарды әлемдік турнирге дайындау үшін арнайы жоспар әзірленіп жатқанын жеткізді. Диас ТӨЛЕПБЕРГЕН, "DARA" ҚОРЫНЫҢ ӘКІМШІСІ: Спортшыларды біз қалай даму жолын жасаймыз әлеуметтік лифт жасап береміз. Оның барлығы қарастырылған. Қордың басты мақсаты да осы. Жаңа тұлғалар шығару. Әр түрлі салада осындай үлкен аумақты деңгейде әлі де көптеген жобалар ұйымдастырылатын болады. Бұл - енді ең алғашқысы. Ал әлемдік рекордты турникке 52 рет тарылған тараздық Евгений Нам жаңартты. Гранд-финалдың жеңімпаздары Street Workout бойынша Әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысады.\