Тас жолда көлігі жылқымен соқтығысқан қарағандылық тұрғын шығынды кімнен өндірерін білмей жүр

Тас жолда жылқыдан зардап шеккен қарағандылық Андрей Гламазда шығынды кімнен өндірерін білмей жүр. Былтыр ол жолда жылқыға соғылып, көлігі жарамсыз болып қалған. Ал аттың иесі жоқ. Себебі, құжат бойынша жылқы баяғыда сойылған. Мұндай жағдайда не істеу керек? Зардап шегушімен, құзырлылармен және мамандармен тілдескен тілшіміз Айжан Қуаштың бейнематериалы.Оқыс оқиға өткен күзде Қарағанды облысының Жартас ауылының маңында болған. Кешкісін күн бата балық аулап, үйіне қайтып келе жатқан Андрей Гламазданың көлігі кенет жылқымен соқтығысады. Салдарынан көлігінің алдыңғы бөлігі іске аспай қалған. Ал жануар сол жерде арам қатқан. Зардап шеккен тұрғын содан бері жаяу жүр. Шығынды кімнен өндірерін білмейді. Ақпараттар базасындағы дерек бойынша, дәл осы жылқы әлдеқашан сойылып кеткен. Андрей ГЛАМАЗДА, ЗАРДАП ШЕГУШІ: Жолда жайбарақат келе жатқам. Кенет алдымнан жылқы шыға келді, жол жиегінен де, жолдан да байқалмады. Капотқа секіргенде бір-ақ көрдім. Полиция менің кінәм жоғын айтты. Құжат бойынша малдың иесі - Жартас ауылының тұрғыны. Бірақ менің жануарым емес деп мойындамай отыр. Отбасымды асырап отырған көлігім еді. Шығынды кімнен өндіріп аларымды білмеймін? Сәйгүліктің құжатта көрсетілген қожайынын сот кінәсіз деп тапқан. Сөйтіп зардап шегуші талап еткен 700 мыңдай теңгені өндіріп алатын адам табылмаған. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АБАЙ АУДАНДЫҚ СОТЫ:Іс бойынша сот 2022 жылы 24 қыркүйекте талапкердің көлігі қожайыны анықталмаған жылқымен соқтығысып зақымданғаны және жылқының жарақаттанғаны анықталды. Жануар бұл жағдайда жол көлік оқиғасының қатысушысы бола алмайды, өйткені қожайыны ол жануарды жолға айдап шығарған жоқ. Сондықтан жол көлік оқиғасының жалғыз ғана қатысушысы ол талапкердің өзі. Сот Андрей Гламазданың Жұмажан Әкімбековтен келген шығынды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Юлия ДАВЫДОВА, ҚОРҒАУШЫ: Ақпараттар базасында жылқының белгісі бойынша қожайыны анықталды, бірақ оны 2018 жылы сойғаны тіркелген. Сонда қалай, көлік «елес»-ке соғылған жоқ қой. Оқыс оқиғаға дейін жылқы тірі жүрді. Жаңағы құжат бойынша қожайыны сотқа 4 адам әкелді, барлығы малды бір-біріне сатқандарын айтты, бірақ ең соңғы қожайын естерінде жоқ. Сот осыдан кейін бізге шығынды өндіріп беруден бас тартты. Қарағанды облыстық полиция департаменті, жылқының белгісі бойынша ақпараттар базасында анықталған қожайынына айыппұл салынғанын мәлімдеді. Бірақ ол оны төлеуден бас тартқан. Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Қыркүйек айының 25-і, яғни келесі күні полиция қызметкерлерімен шаруа қожалық иесі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБК –нің 408 бабы, 2 тармағына сәйкес хаттама толтырылып 10 АЕК айыппұл салынған болатын. Аталған жол көлік оқиғасы болған жерде мал өткізу туралы ешқандай белгі болмаған. Тас жолда үй жануарларының қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларында мал иесін жауапқа тарту өте қиын. Заң малшы болған жағдайды ғана қарастырады, ал қожайынның жауапкершілігі қарастырылмаған, - дейді қорғаушы Юлия Давыдова. Сондықтан Заңға өзгеріс енгізуді сұрайды. Ал Андрей Гламазда құжат жүзінде анықталған қожайын жауапқа тартылсын деп отыр. Енді ол облыстық сотқа шағымданбақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Басы дауға қалған Черчесов қазақша жазба жариялады
Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан ел чемпионатының үздіктері атанды
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды