18 желтоқсанда Ташкенттің Яшнабад ауданындағы жер үйлердің бірі толығымен отқа оранды. Бас прокурордың баспасөз хатшысы Хаят Шамсутдиновтың айтуынша, Яшнабадтағы өрт салдарынан 28 жастағы әйел мен оның 8 және 5 жасар екі қызы қаза тапты. Осы жағдайға байланысты Яшнабад ауданының ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 259-бабы (өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.